Басқа адамдарға жақсы немесе жаман қарайтынымызды түсіну оңай. Ал өзімізге келгенде сасқақтай бастаймыз. Өзіңізге қамқор жасайсыз ба әлде тым қаталсыз ба? Өзіңізге тым қатал екеніңізді көрсететін белгілерді ұсынамыз.
Кемшіліктеріңізді қабылдай алмайсыз
Әрине, күннен күнге жақсы бола түсу үшін тырысқанда тұрған ештеңе жоқ. Бірақ адам барлық нәрседе мінсіз болу мүмкін емес екенін де түсіну керек. Барлық нәрседе мінсіз бола алмайтыныңызды қабылдағыңыз келмесе, бұл өзін-өзі бағалауыңызға жағымсыз әсер етеді. Егер өзіңізді қинап, оқумен немесе жұмыспен шаршатпасаңыз, жетістікке жетуге лайықсызбын деп ойлайтын боласыз. Мұның барлығы дұрыс емес перфекционизмнің дамуына әкеледі.
Өзіңізді сынай бересіз
Көп жағдайда өзіңіздің қателіктеріңізді көре білу пайдалы, себебі адам одан сабақ алып, ары қарай дамуға тырысады. Қателік жіберу – өмірдің табиғи бөлігі. Бірақ ұсақ-түйек қателіктеріңізге мән берудің орнына оларды қабылдап, ары қарай жылжыңыз. Егер адам өзін әркез сынай берсе, бұл жақсылыққа әкелмейді. Соңғы рет өзіңізді жетістігіңіз үшін қашан мақтадыңыз?
Сіз әлемді тек "ақ-қара" етіп көресіз
Егер адам "жақсы және жаман" және "барлығы немесе ештеңе" деген категориялармен ойланса, бұл ода "ақ-қара ойлау" басым екенін көрсетеді. Психологтар бұл жиі дамуы тоқтап қалған және өзіне тым қатал адамдарда кездесетінін айтады.
Өзіңізге қарағанда басқаларға пайдалы нәрсе жасау оңай
Өзіне қатал адамдар жиі басқаларды жақсы нәрселерге лайықтырақ санайды. Сол үшін олар басқаларға жағымды нәрсе жасағанды жақсы көреді: сыйлық береді, жұмысына көмектеседі, қолдайды. Ал өзін еркелеткісі келмейді. Сондай-ақ ол басқаларың қателіктеріне түсіністікпен қарайды да, өзінікін кешіруге дайын емес.
Сізді басқалардың не ойлайтыны мазалайды
Өзіне тым қатал адамдарды жиі басқалардың ол жайлы не ойлайтыны мазалайды. Ол адамдардың оның тырысуын бағаламай қоюы және оған құрметсіздік көрсетуі мүмкін екенін қабылдағысы келмейді. Сондықтан мұндай адам олардың көңілінен шығу үшін бәрін істеуге дайын болады.