Танымал актриса Жанель Мақажан қазақы стильде гендер пати өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Актрисаның сөзінше, көпшілік ұл деп топшылаған.
"Бүгін біз үшін өте маңызды күн. Қазір гендер пати басталады. Балапанымыздың кім екенін білетін боламыз. Ерекше толқып тұрмыз", - деп жазған ол.
Бұл гендер патиде шар жару немесе түрлі түсті заттар секілді бұрынғы үрдістер байқалмайды. Оның орнына ортаға сандық алғызып, сол сандыққа баланың жынысын жасырған.
Желідегілер бұл гендер патиді басқалардан ерекше болды деп бағалап, сәбидің аман-есен дүниеге келуін тілеген.
"Аман-есен дүниеге келсін балапан!", "Қазақша гендр пати ерекше екен", "Мен көрген гендер патилердің ішіндегі ең әсерлі, ең керемет, ерекше гендер пати болды, нағыз қазақтың азаматтары", "Алла салиқалы перзент берсін", - деп жазған әлеуметтік желі қолданушылары.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!