Өзінен кіші жігітке тұрмысқа шыққан Мереке Қалбаева: “Сәтсіздіктен көз ашпадым“

Өзінен кіші жігітке тұрмысқа шыққан Мереке Қалбаева: “Сәтсіздіктен көз ашпадым“
Фото: instagram желісіндегі видеодан скриншот

Танымал блогер, "Жайдарман" ойындары арқылы халыққа танылған Мереке Қалбаева өмірінің қиын кезеңін өткеріп жатқаны туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол әлеуметтік желідегі оқырмандарымен сырласып, жылап та алды. Блогердің айтуынша, кейінгі кездері өмірінде сәтсіздіктер көбейіп, бұл нәрсе күйеуімен қарым-қатынасына әсер ете бастапты.

"Биыл екі күннің бірінде жылаумен болдым. Күйеуім "Сенің қолыңнан бизнес жасау келмейді" деп айтты. Бірақ мен алған бетімнен қайтпай қойдым. Сонда да сәтсіздіктен көз ашпадым. Тауар сата алмай, қарызға кіре бердім. 7 миллион теңгенің көлігін ұтысқа салып, өзім дымсыз қалдым. Мен кәсіпке араласқалы үйімнің берекесі кетті. Күйеуіммен арамыз суып, жүрегімнің тыныштығы жоғалды. Бірақ мұның бәрін мен күйеуіме дәлелдеу үшін жасап едім. Соңында бәрі бекер болды", - деді ол әлеуметтік желідегі парақшасында сырын ақтарып. 

Блогер күйеуінің айтқанын тыңдамай, көп ренжіткенін мойындады. 

"Қолдағандарға рақмет айтамын. Мен қолымнан келгенше әрекет еттім, тырыстым. Қайырлысы осы шығар. Тоқтамай жалғастыра берейін десем, Арсенмен ажырасып тынайын деп тұрмын. Арсенді көп ренжіттім. Енді кешірім сұрау керек болып жүр. Оған да уақыт келер", - деді Мереке Қалбаева. 

Еске салайық, Мереке Қалбаева бұған дейін берген сұхбатында күйеуімен ақша үшін ажырасып кете жаздағанын мойындаған еді. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Д. Ибраева