- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Өзінен аумай қалған"....
"Өзінен аумай қалған". Әйгерім Қалаубаеваның қызы талантымен көпшілікті сүйсіндірді
Әнші Әйгерім Қалаубаева әлеуметтік желідегі парақшасында қызының видеосын жариялап, қызына жазба арнады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесінің қызына қалың көпшілік тілегін білдіріп, қылығына сүйсінді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Мен сені жақсы көрем, қызым, ерен,
Өзіңсің өмірдегі қызық өлең.
Ашылып, не ыңғайсыз жатыр ма деп,
Қараймын түнде тұрып жүзіңе мен.Нәзіксің, бар салмағың гүлдей-ақ қой,
Тағы да мені жеті түнде оятты ой.
Уыздай аппақ жүзің қандай тыныш,
Ұйықтай ғой, мен оянсам, білмей-ақ қой", - деп жазды әнші.
Желі қолданушылары "кішкентай Айгерім, көз тимесін", "керемет, талантына нұр жаусын", "өзіңнен аумай қалған", "Алла тіл көзден сақтасын","керемет, арманы орындалсын", "өсіп қалыпты","сұлудан сұлу туады" деп жазды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы