Танымал блогер, әзілкеш Мереке Қалбаева кеше 33-ке толды. Өнер иесі туған күнін дүркіретіп атап өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл қуанышты жаңалығын блогер әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
"Көптен көрмеген барлық жақынымызды көріп, төбе көкке жетті. Барлығыңыз өте жақынсыздар. Той күшті болды. Отыздан асып, орда бұзып жатырмыз", - деп жазған ол.
Сондай-қа, әзілкеш туған сіңлісін көрсетті. Оның айтуынша, 17 мамыр сіңлісі ұзатылмақ.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз