“Өзіне қол жұмсаған“. Шахтинскіде әскери қызметшінің денесі табылды

“Өзіне қол жұмсаған“. Шахтинскіде әскери қызметшінің денесі табылды
Фото: pixabay

Шахтинск қаласында әскери қызметшінің денесі табылды. Оның көпқабатты үйлердің бірінде өз-өзіне қол жұмсағаны анықталды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қайғылы хабарды ҚР Ұлттық ұланы "Орталық" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі жеткізді.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚР Ұлттық ұланы "Орталық" өңірлік қолбасшылығы 6505 әскери бөлімінің келісімшарт бойынша қызмет етіп жатқан әскери қызметшінің денесі өзі тұрып жатқан пәтерден табылған.

"Ағымдағы жылдың 13 қазанында Шахтинск қаласында қызметтен тыс уақытта өзі тұрып жатқан пәтерден келісімшарт бойынша әскери қызметшінің денесі табылды. Болжамды ақпаратқа сәйкес, әскери қызметші отбасылық-тұрмыстық жанжал негізінде өзіне қол жұмсаған. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы "Орталық" өңірлік қолбасшылығы әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына көңіл айтады", – делінген хабарламада.

Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өлімнің себеп-салдары әлі анықталып жатыр.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Д. Ибраева