Өзінде АИТВ барын біле тұра қыз зорлаған: Алматыда атышулы істің нүктесі қойылды

Алматылық бардың негізін қалаушы қызметкерін зорлағаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

22 сәуірде №2 Медеу аудандық сотында атышулы қылмыстық іске нүкте қойылды. Сот ер адамды Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша кінәлі деп таныды:

  • 120-баптың 1-бөлігі - "Зорлау";
  • 118-баптың 1-бөлігі - "Басқа адамды АИТВ жұқтыру қаупiне көрiнеу душар ету".

Сот 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. 

Айта кетейік, бұл дау 2025 жылы наурызда өршіді. Бұған әлеуметтік желілерде жарияланған бейнеүндеу себеп болды. Ролик авторы, яғни өзін Е. деп таныстырған қызметкер түнгі ауысымнан кейін бардың қызметтік кабинетінде зорланғанын мәлімдеді.

Жәбірленушінің айтуынша, мекеменің негізін қалаушы өзінде АИТВ барын біле тұра, онымен келісімсіз, қорғаныс құралдарынсыз жыныстық қатынасқа түскен. Ал айыпталушы жақындық дерегін растағанымен, бәрі өзара келісіммен болғанын мәлімдеді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз