- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Өзіңді қалай бар,...
Өзіңді қалай бар, солай қабылдап үйренгің келе ме? Психолог кеңесі
Бір қарағанда адамдардың барлығы жалпы бір-біріне ұқсайтын секілді. Алайда дұрыстап қарасаңыз, әлемде барлық нәрсе ерекше және салыстырмалы екенін түсінесіз. Кейде басқа адамдардың ерекшеліктеріне үйрену оңай емес. Алайда өзіңіздің кемшіліктеріңізді мойындау және өзіңізді қабылдау одан да қиын болуы мүмкін. Психолог Михаил Лабковский өзіңізді қалай қабылдап үйренуге болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл жайлы ол өзінің телеграм-каналында жазды.
Маманның айтуынша, одан адамдар өзін қалай жақсы көру керегін емес, өзін қалай қабылдауға болатынын жиі сұрайды. Қоғамда стереотиптер өте көп. Сондықтан адам қандай да бір стандартқа сай келмесе, өзін кешіре алмайды және оған көне алмайды. Ең алдымен мына нәрсені түсіну керек: барлық норматив пен стандарт тек сіздің басыңызда, "дұрыс өмірдің" ешқандай нақты үлгісі жоқ. Осындай ерекше және бірегей өмір сүретін тек сіз емес. Тіпті, әлеуметтік желіден "осылай жасайтын жалғыз мен ба?" деп жазба жазатын адамдарды жиі кездестіруге болады және әркез олай жасайтын адамдар көп болып шығады.
Әр адам түсінуі керек қарапайым нәрсе бар: қазіргі кезде сіз міндетті түрде сай болуыңыз керек "дұрыс өмірдің" қандай да бір үлгісі жоқ. Бұл тек сізге емес, сіздің айналаңыздағы адамдарға да қатысты айтылған.
Өзіңізді қалай бар, солай қабылдап үйрену үшін ең алдымен айналаңыздағыларды қабылдап үйрену керек. Олар қаншалықты біртүрлі болса да, сізге мүлдем ұқсамайтын болса да, оларды қалай бар, солай қабылдаңыз.
Біреу қалай салмақ қосқаны, арықтағаны, пластикалық ота жасағаны жайлы мақала оқуға уақыт құртпаңыз. Басқа адамдарға өз сценарийі бойынша өмір сүруге мүмкіндік беріңіз, олардың сіздің талабыңызға сай болмауға құқығы бар. Басқалардың ерекшелігін қабылдау - өзіңізді қалай бар, солай қабылдауға алғашқы қадам.
Оқи отырыңыз: Өзіне сенімсіз әйелдің 5 белгісі
А. Жапатова