Жамбыл облысында әйел "қолдан қылмыс жасаймын" деп сотталып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Айыпталушы Н. алтын зергерлік бұйымдарын ломбардқа тапсырып, барлық ақшаны белгісіз адамдар көрсеткен шотқа трейдинг оқу үшін аударған. Кейін курстар жалған екенін және ақшаны қайтара алмайтынын түсініп, өз әрекетін отбасынан жасыруға шешім қабылдаған.
Ол келініне тиесілі алтын және гауһар зергерлік бұйымдарды жасырып, өзін скотчпен байлап, "үйге белгісіз адамдар кіріп, күш қолданып, мүлікті иемденді" деп мәлімдеген. Алайда полиция жүргізген тергеу нәтижесінде қылмыс туралы мәлімдеме жалған екені анықталған.
Сотта Н.-нің кінәсі тараптардың, куәлердің айғақтарымен және тергеу хаттамаларымен расталған.
Сот үкімімен Н. ҚК-нің 419-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 2 жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!