- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Өзін өртейтінін айтты"....
"Өзін өртейтінін айтты". Астанада ер адам талап қойып, кранға шығып алған
Астанада ер адам кранға шығып алып, өзін өртейтінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл ақпаратты қалалық полиция департаменті өкілдері растады. Полиция мәліметінше, оқиға орнына жедел қызмет өкілдері жеткен.
"24 сәуірде сағат 11:39-да "102-ге" ер адам кранға шығып алғаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына жедел қызмет өкілдері келді. Ер адамның мұндай әрекетке не үшін барғаны анықталып жатыр, оның әрекеттерінің нәтижелері бойынша құқықтық бағалау жасалатын болады", - дейді ПД өкілдері.
Болжам бойынша, ер адам Астанаға Солтүстік Қазақстан облысынан келген. Ал кранға наразылық ретінде шығып алған. Бұл туралы Tengrinews.kz оқырманы редакцияның WhatsApp-нөміріне айтқан.
Ер адам СҚО-да орналасқан 220 гектар ұжымдық шаруашылықтың жер учаскесіне қатысты жер дауында сот шешіміне наразы. Мәтінде бұл жер учаскесі ер адамның отбасына тиесілі екендігі айтылған. 2002 жылы жерлер 2051 жылға дейін жеке кәсіпкерге жалға берілген. Ол табыстың 10 пайызын отбасына беруі керек еді, алайда кранға шыққан адамның туысының айтуынша, жалға алушы жалдаудың алғашқы күндерінен бастап өз міндеттерінен жалтарған.
2021 жылдың желтоқсанында ер адамның отбасы әкімдік оларды жер учаскесіне құқығынан айырғанын және оны 30 жыл мерзімге сол жеке кәсіпкерге пайдалануға бергенін білді.
Енді ер адам Астанаға "әкімдіктің ЖК-ні 30 жыл мерзімге жалға беру туралы қаулысын заңсыз деп тану, сондай-ақ шығындарды өтеу" талабымен келген.
Ер адам талабы бүгін 18.00-ге дейін орындалуы керегін айтқан. Егер орындалмаған жағдайда ол өзін өртейтінін жеткізген.
"Қоңырауға жауап бермеймін, келіссөз жүргізбеймін", - делінген талапта.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина