Ақша бағамының кезекті өсуі және мұнай бағасының құлдырауы біздің әлемдік экономикалық процестер мен сәтсіз аяқталған жаһандық келіссөздерге тәуелді екенімізді көрсетті. Салдарынан экономиканың барлық саласы импортқа байланғандықтан күрделі қаржылық қиыншылықтар белең алды. Айналада орын алып жатқан оқиғаларға байланысты, сонымен қатар төтенше жағдай салдарынан азық-түлік қауіпсіздігі бұрын-соңды болмаған маңыздылыққа ие болды.
Бірнеше жыл бұрын ғана Қазақстанда ірі қалалар айналасында азық-түлік қауіпсіздігі белдеуін жасау туралы бағдарлама ұсынылған еді. Қазіргі карантиннен болып отырған дағдарыс осы айтылғандардың тегіннен емес екендігін көрсетті: лимон мен зімбірді қоспағанда көптеген азық-түлік бағасы сақталуда.
Біздің күнделікті тұтынатын заттар – тамақ және сусын, киім, аяқ киім, гигиеналық құралдар және тазартқыш заттарынан біз бас тарта алмаймыз және оларды үнемдеу де мүмкін емес. Еліміз үшін негізгі және стретегиялық маңызға ие осы бағыттарда отандық бизнеске қолдау көрсету үшін АТФБанк «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында кәсіпкерлерге жалпы сомасы шамамен 60 млрд. теңге болатын жеңілдікпен қарыз берді.
АТФБанк кәсіпкерлері және клиенттері үшін «Қарапайым заттар экономикасы» нені білдіреді?
- біріншіден, бұл мемлекеттік субсидия есебінен төмен пайыздық мөлшерлеме. Басқа сөзбен айтқанда, басында стандартты пайызбен ресімделген кредит бағдарлама бойынша АТФБанктің қарыз алушылары үшін жылдық 6% дейін, ал агроөнеркәсіптік кешен саласындағы кәсіпкерлер үшін 4,95% дейін төмендетіледі, ал қалған айырмашылықты мемлекет төлейтін болады.
- екіншіден, бұл қарыз өтеу бойынша жеңілдік кезеңі. Шынайы өндіріс саласы бірден «жылдам» ақша жасай алмайды, сондықтан да инвестициялық жобалар үшін банк алдымен өндіріс шаруасын жолға қойып алып, сосын алған қарызы бойынша қаржылық міндеттемелерін өтеуі үшін бизнеске кредиттік төлемдердің мерзімін кейінге қалдыру мүмкіндігін беретін арнайы шарттарды қарастырған.
Тұтастай бағдарлама бойынша қаржыландыру өңдеу өнеркәсібіне қолдау көрсетуге және ішкі отандық нарықта жоғары сұраныстағы, күнделікті тұтынылатын өнімдерді өндіретін кәсіпорындар қызметін дамытуға арналған. Сондай-ақ, бұл қатарға өндірістік және өңдеу кәсіпорындары бар агроөнеркәсіптік кешен де кіреді, ал бағдарламаға жақында енгізілген өзгерістерді ескеретін болсақ, агрария енді егіншілік шаруашылығы саласындағы көктемгі егістік жұмыстарын жүргізу үшін де қаржылық қолдауға ие бола алады.
Адамдардың денсаулығымен қатар, дүние жүзілік қаржылық жүйеге де орасан зиян келтірген вирус осы сынды бағдарламалардың қажет екенін жіті көрсетті, сонымен қатар импортқа жүгінуден алшақтап, қазақстандық жеке өндірісті дамыту мен елдің «жеткілікті қорын» қалыптастыру үшін отандық бизнеске қолдау көрсету туралы тағы да бір мықтап ойлануға мәжбүрледі.
Серіктес материалы