Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза Ақмола облысындағы инфрақұрылымның дамымай қалғанын айтып күйінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
"Астана-Ерейментау-Көкшетау-Астана маршрутымен жүріп қайттым. Ақмола облысы қандай сұлу еді. Туризмды дамытпай отырған, өзімізге де обал жоқ. Ақмола облысының кез келген жері - Швейцария мен Чехиядан еш кем емес. Тек игеру керек, бағып-баптау керек. Су десең су, орман десең орман бар. Автобанды да салдық. Енді сол жолдың бойындағы инфрақұрылымды дамытсақ, халыққа қолжетімді жасасақ - турист ағылатынын сезіп отырмын. Миллионнан астам халқы бар Астананың халқы да мейрам не демалыс күндері Ақмола облысына шығатыны айқын", - деп жазған ол.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!