"Өзімізді алдамай-ақ қояйық". Головкин бар шындықты айтты

"Өзімізді алдамай-ақ қояйық". Головкин бар шындықты айтты
Фото: @twitter.com/gggboxing

Қазақстандық Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) SerEbro EnlosDeportes YouTube арнасына берген сұхбатында Сауль Канело Альвареспен (57-2-2, 39 КО) үшінші жекпе-жек өтетініне сенімді болғанын айтады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Трилогия 17 қыркүйек Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді. 

Сұхбат барысында журналист Головкиннен "Канеломен үшінші жекпе-жек болатынын айтқанда, көпшілік бұған күмәнмен қараған. Ал сіз сендіңіз бе және қандай сезімде болдыңыз", - деп сұраған. 

"Шынын айтайықшы, мен де, Канело да үшінші жекпе-жек болатынына сенімді еді. Егер бокста логика болса, ол міндетті түрде өтуі керек болатын. Мен де, ол да бокста қалу үшін жасағанның бәрі осы үшін ғана. Өзімізді алдамай-ақ қояйық, бұлай болатынын бәрі білді. Тек біраз созылып кетті. Бірақ бұл өзге мәселе", - деді Головкин. 

Е. Төлеш