- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Өзіміз отырып шай...
"Өзіміз отырып шай ішейік": АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі танымал сөзді айтып, жұртты тәнті етті
АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм "өзіміз отырып, шай ішейік" деген танымал сөзді айтып, әлеуметтік желіні тәнті етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі бұл видеоны халықаралық шай күніне орай жариялаған.
"Ал енді өзіміз отырып шай ішейік", - дейді видеода елші.
Сонымен қатар, шай Қазақстанда қонақжайлықтың, достықтың, дипломатияның белгісі екені айтылады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Желі қолданушылары видеоны қызу талқылап жатыр.
"Елшіліктің креативіне сөзім жоқ", "Керемет! Екі ел достығы жасасын", "Не деген керемет, шайдың орны бөлек қой", "Елші мырзаны шай ішуге шақырамын", "Керемет контент! Ризамыз", - дейді олар.
Айта кетейік, Дэниел Розенблюм 2022 жылы 28 қазанда АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі ретінде ант берген. Ол бұған дейін Өзбекстандағы АҚШ елшісі (2019-2022) және Мемлекеттік департаменттің Оңтүстік және Орталық Азия істері бюросында Орталық Азия бойынша хатшы көмекшісінің орынбасары қызметін атқарған (2014-2018).
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова