- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Өзімнің ағайындарым да...
"Өзімнің ағайындарым да білмейді". Гүлзира Айдарбекова ешқашан еш жерде айтылмаған оқиғасын бөлісті
Продюсер Гүлзира Айдарбекова ешқашан еш жерде айтпаған оқиғасын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Гүлзира Айдарбекова Instagram-парақшасында айтты.
"Менің тіпті кейбір туысқандарым білмейтін, ешқашан еш жерде айтылмаған оқиғам бар. Ол оқиғаны мен енді үйленген, үй алғысы келетіндерге арнағым келеді", - дейді продюсер.
Оның сөзінше, өміріндегі қиын сәттер тұңғышы Қайрат Нұртасқа аяғы ауыр кезде өткен.
"Ешкімге әлі осы уақытқа дейін айтылмаған. Өзімнің ағайындарым да білмейді. Әпкеме айтатынмын ғой мен "осы жақсы үйлі болғым келеді, қалай да мен үй алуым керек" деп. Мен жақында бала босанамын. Солай ойымды айттым. Сөйтсем "тез жететін, бірақ өте қиын, ауыр жұмыс істейсің ба?" деді. "Иә, істеймін" дедім. Әпкем өзі француз тілінен сабақ береді. Басқару үйіне апарды да алу сыпырушы боласың деді. Қазір ойлап қарасам оның бәрі Нұрекемен өзіміздің үйіміз болса екен (деген оймен жасалып-еск.), Нұртас та күн-түн демей оқумен қатар жұмысын істеп, біз үшін деп жанын салатын. Біз Нұртас екеуіміз отбасымыз үшін ештеңеден жалтартпайтынбыз", - дейді Гүлзира Айдарбекова.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина