“Өзіме “Оскар“ тілеймін!“ Баян Мақсатқызы кино күнімен құттықтады

“Өзіме “Оскар“ тілеймін!“ Баян Мақсатқызы кино күнімен құттықтады
Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy/

Танымал продюсер әрі актриса Баян Алагөзова оқырмандарын кино күнімен құттықтап, арманы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Баян Мақсатқызы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

"Бүгін кино күні. Мен кино түсіремін және киноға түсемін. Өзіме "Оскар" сыйлығын тілеймін", - деп жазды ол желіде. 

Айта кетейік, жақында Баян Мақсатқызы басты рөлде ойнаған "Көке" атты қазақстандық комедия қазақстандық кинотеатрлар желісінде жарыққа шықты. 

Кинода Баян Мақсатқызы мен Айгүл Иманбаевадан бөлек, танымал актер Дулыға Ақмолда да басты рөлге бекітілген. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Д. Ибраева