- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Өзімдей көрдім". Жұлдызай...
"Өзімдей көрдім". Жұлдызай Дүйсенбиева Бағлан Әбдірайымовқа не үшін ренжігенін айтты
Танымал өнер иесі Жұлдызай Дүйсенбиева әнші Бағлан Әбдірайымовқа неге ренжігенін айтты. Бұл туралы актриса "Менің өмірім" бағдарламасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Актрисаның айтуынша, "Егіз лебіз" жобасы арқылы әнші Бағлан Әбдірайымовпен жақсы араласқан.
"Бағлан екеуміздің араласып жүргенімізді жұрттың бәрі біледі. 2021 "Егіз лебіз" болған кез. Содан екеуміз қатты араластық. Бағланды досым сияқты, біреу жамандап қалса, "ой" деп қатты жақсы көріп кеттім. Әйелі Роза - қандай керемет әйел. Өте жақсы отбасы. Екеуміз күшті араластық. Одан бірге бизнес аштық. Бәрі жақсы келе жатыр. Содан бір күні Бағлан бір "кино түсіремін" деді. Жүрегім жарылып кете жаздады. "Түсір, жарнамасын өзіміз өлтіреміз" дедік. Шыны керек, Әли екеуміз ішіне түсеміз деп ойладық. Өзімізге роль дайындап қойдық. Өзімдей көрдім. Жақын тарттым. Бағлан киносына кірісіп кетті. Бағланға "сені шайға шақырайын деп едік, вайн түсірейік, бастайық, сені жарнамалай берейік" дедім. Бір жерге шайға шақырдым. Қасында продюссер-режиссер жігіт бар, келіпті. Отырмыз. Біз күшті болып отырмыз. "Біз бір жеріне ойнайтын шығармыз" деп әзілдеп қоямыз", - деді ол.
Алайда өнер иесі күтпеген нәрсе естігенін жеткізді.
"Режиссер "сіздер ойнамайсыздар" дейді. "Жұлдызай, сізді халық әбден комедияда көріп қалған, сіз драмаға жарамайсыз" деді. Өкпелейтін нәрсе емес шығар. Бірақ біртүрлі болып қалдым. Мен тікелей драманы бітірген адаммын. "Драмаңды ойнайын деп жатқан жоқпын, шетінде бірбәлені сыпырып жүрсем де ойнайтын шығармыз" дедім. "Жоқ" деді. Әлиге "кеттік" дедім. Көлікке отырып алып, бір өксік қысты. "Тағы да бір ер азамат лақтырды ма" деп. Ренжиін десем, ренжуге қимаймын. Бағлан - жақсы жігіт. Сөйтіп, Әлиге "өзіміз кино түсіремін" дедім. ...Бағланмен ұрысып жатқан жоқпын, бәрі жақсы", - деді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова