Танымал журналист Дина Төлепберген 2023 жыл ауыр сынақтарға толы болғанын айтты. Соның ішінде баласының ауыр дертке шалдыққаны жанына қатты батқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Журналист бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
"2023 жыл мен үшін ең қиын жыл болды. Биыл балам небәрі 9 жасында ауыр сырқатқа тап болды. Меніңше, ол анасының күнделікті көзі көріп, жанына батқан бүкіл негативтерін өз бойына қабылдағандай. Оның ауруына өзімді айыпты санадым. Балама дұрыс тәрбие беремін деп, жұмысыма да дұрыс көңіл бөлмедім. Өзім студияда тұрсам да, көңілім басқа жақта екенін біраз көрермен сезді. Әрі қарай не боларын білмедім. Дертті жеңу үшін маған серпілу, сену , сүю керек еді. Әр сәттің өзі бақыт екенін түсінгенімде мамыр айында ұлымның қан көрсеткіштері дұрысталды. Қыркүйекте ол қалыпты өмірге оралып, мектепке барды", - деді ол.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!