- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Өзімді жоғалтып алғандаймын"....
"Өзімді жоғалтып алғандаймын". Асқар Жүнісбеков дүниеден өткен әкесіне арнап жантебірентер жазба жариялады
Танымал әнші Асқар Жүнісбеков әлеуметтік желідегі парақшасында дүниеден өткен әкесіне арнап жантебірентер жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі өзін "әкемнің алдында перзенттік парызымды өтей алдым ба?" деген сұрақ жиі мазалайтынын жеткізді.
"Ата-анадан бұйырған өмірімнің де тәрбиемнің де құнын құрметтеймін ризашылығым да шексіз.
Жасымда, әкемнің көңілі үшін "қайтсем де жақсы ұл болуым керек" деп өзімді қамшылауым жаман атқа ұрындырмады (деп ойлаймын).Әкем Марат Шырынбекұлы ораза айттың бірінші күні өмірден озды. Жүрегім сыздап кімді, нені іздейтінімді түсінбеймін. Өзімді ме..өзімдегі бірдеңені ме жоғалтып алғандаймын. Ойыма, жаныма кедергі боп, сипаттауга келмейтін бірдеңе тұр.
Біздің алаңсыз өміріміз үшін тірліктің бар бейнетін ауырсынбай мойындарына жүктеп алған осынау асыл жандардың қадірін біле алдық па? Көңілін таба алдық па? Перзенттік парызымызды өтей алдық па? Осындай ойлар бізді неге әкеміз жанымызда жүргенде мазаламайтын болды екен? Әлде әкеміз барда неше жасқа келсекте өзімізді бала сезінеміз бе…
Мойыныңа мінгізіп еркелеткен, мейірлене құшақтап бауырыңа басқан кездерің енді ешқашан оралмайтын қымбат естеліктер боп қала бермек.
Жатқан жерің жайлы болсын, мейірімі шексіз Алла тағала жәннаттан орын бұйыртсын жан әке…", - деп жазған ол.
View this post on Instagram
Айта кетейік, бұған дейін танымал әнші Асқар Жүнісбековтің әкесі дүниеден өткені хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Айдың 17 күні туған адамдар қандай болады?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә