Танымал тележүргізуші, журналист Ләйлә Сұлтанқызы "Мамский әңгіме" подкастына берген сұхбатында әйел бақыты туралы айтты - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, әр әйелдің бақытты сезінуі әртүрлі.
"Өзімді енді тапқандай болдым. Әйел өзін қай кезде бақытты сезінеді - белгісіз. Әр әйел үшін бұл әртүрлі. Біреу үшін киноға бару бақыт, біреу үшін енесімен торт сатып алғаны бақыт, біреу үшін эко жасатып 40 жасында балалы болу бақыт. Сол үшін біз бір-бірімізге осындай ыңғайсыз сұрақтарды қоймау керек. "Мен де қыз тәрбиелеп отырмын ғой" деп ойлануы қажет. Менің түсінігімдегі бақыт - отбасымның амандығы, миссиямды тапқаным, терең тыныс ала алғаным, таңертен оянғаным", - деді ол.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!