Танымал әнші Мақпал Жүнісова жақында жаңалығын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Бүгін осы әнді жазып берген Нұрлыбек баурымның туған күні екен,ғұмырлы болсын,барлық қиыншылықтарың артта қалсын! Ал құрметті менің тыңдармандарым, жаңа әнімді барлық платформалардан тыңдай аласыздар!", - деген әнші "Өзімді Алдаймын" деп аталатын жаңа әні туралы хабарлады.
Әншінің тыңдармандары жаңа туындыны жылы қабылдаған сияқты. Оны "Бiр жылап алдым. Қандай әсерлі ән", "Өте жақсы ән, орындау қандай тамаша, қайталап тыңдай берем. Аман болыңыз, Мерейіңіздің қызығын көріңіз!", "Не деген керемет жазылган, сөзі де, әні де адамды қатты ойландырады" деген әлеуметтік желідегі пікірлерден байқауға болады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз