Әлеуметтік желіде әнші Гүлнұр Оразымбетованың "Көкке өрле" әнін айтқан видеосы тараған еді. Видеодан өнер иесінің дауысы жағымсыз естілген. Ал әнші бұл жағдай мүлде басқаша болғанын жеткізген болатын, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, бұл жағдай оның үлкен концерттерге жанды дауыста шығуына жол ашқан.
"Менің дауысымнан шок болып ұйықтай алмай жатқан тыңдармандарым, оқырмандарым. Өзімнің дауысымнан өзім шок болдым десем болады. Ондай мүмкіндікті жасап берген азаматтар, сіздерге респект. Ең бастысы сіздермен біргемін. Алдағы уақытта концерттерге үлкен жолдама (болды - еск.). Күтіңіздер, жанды дауыста", - дейді әнші.
Айта кетейік, бұған дейін Гүлнұр Оразымбетова әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты пікір білдірген еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!