- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Өзім салған ақшамды...
"Өзім салған ақшамды қайтарып алдым". Дархан Жолшыбек Садрадиннің концерті қалай ұйымдастырылғанын айтты
Блогер, продюсер Дархан Жолшыбеков "Өзіміз ғой" бағдарламасында Садрадиннің концертіндегі қателіктер мен ұйымдастырылуы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, концерт өткізетін кезде ешқайсысы ақшаны ойламаған.
"Садраддиннің концерті туралы бір-екі қате ақпарат тарап кетті. Негізі бұл концерт тегін болу керек еді. Яғни, Садраддиннің алғашқы концерті деп ауқымды етіп ойластырғанбыз. Бірақ мұндайдың біздің қолымыздан келмейтінін түсіндік. Себебі, ашық алаңда 100 мың адам қиындырдық тудыратын болды. Бірақ әуел бастан біз ақшаны ойламадық. Адамның жиналмауы, концерт билетінің өтпеуі деген бізге қызық емес болды. Ойлана келе, концерттің барлық стандартты талабына сай жасайық деп шештік", - деді Дархан.
Сондай-ақ, ол Садраддинге ақша бермегенін атап өтті.
"Көпшілігі "Міне, Садраддин, мынау 70 млн теңге, сен концертіңді істе" деген сияқты деп ойлайды. Негізі олай емес. Садраддинге, қасында жүрген адамдардың ешқайсысына ақша берген жоқпын. Маған "сахна құрып жатырмыз", "жарық қойып жатыр". "Мынаған ақша керек" деген сияқты айтып отырды. Мен соған ақша жіберіп отырдым. Садраддин мұны өзі де істей алатын қаражаты бар еді. Бірақ бұл әуелгіде менің идеям болғандықтан, өзім жасайын деп шештім. Садраддинге "ақшаны ойлама, концертіңе дайындал" дедім. Себебі оркестрмен жанды дауыста ән айту оңай емес. Сенесіз бе, концерт бірінші аптада ақшасын шығарып қойды. Барлығы өткен соң өзім салған ақшамды қайтарып алдым. Үстінен бір тиын да алмадым. Себебі маған ақша керек емес.
Жалпы Садраддиннің ақшаға қатысы жоқ. Оның анасы қаржылық мәселесінің барлығын шешіп отырады", - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін танымал блогердің 300 миллион теңгелік зәулім үйін көрсеткені жарияланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Қай жеміс ең пайдалы?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы