- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- “Өзім қызық емеспін...
“Өзім қызық емеспін бе?“ Мақпал Исабекова тыңдармандарына ренішін білдірді
Өмірге екі бала әкеліп, қазір декреттік демалыста отырған қазақстандық танымал әнші Мақпал Исабекова тыңдармандарына ренішін білдірді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Әнші әлеуметтік желідегі оқырмандары арасында сұрақ-жауап айдарын өткізген. Желі қолданушыларының 80 пайызы әншінің жеке өмірі, күйеуі, күйеуінің ұлты, шыққан тегі, ажырасып-ажыраспағаны, баланы қалай босанғаны туралы сұрапты.
"Сұрақтардың 80 пайызы күйеуіңнің ұлты қандай, мұсылман ба, жоқ па, күйеуің қайда жүр, неге жаныңда емес, ол кім боп жұмыс істейді, неге күйеуіңізді көрсетпейсіз, ажырасып кеткен жоқсыз ба, сізді тастап кетпеді ме, баланы өзіңіз босандыңыз ба, әлде кесарево ма, экомен тудың ба, әлде өзің бе деген тақырыпта. Сонда мен өзім дым қызық емеспін бе?", – деп жазды ол.
Осындай жеке сұрақтарды көргенде әнші ыңғайсызданып қалатынын жасырмады.
"Менің күйеуіме деген осыншама қызығушылық қайдан пайда болған? Оны біліп не істейсіңдер алған ақпаратты? Ана сұрақтарды көріп, өзім ыңғайсызданамын. Тегі жай өмірде өйтіп сұрамайтын шығарсыздар, адамның бетіне былш еткізіп", – деп ренішін білдірді өнер иесі.
Айта кетейік, жақында ғана осындай сұрақтардан мезі болған Мақпал Исабекова күйеуінің ұсқынсыз, бандит екенін, ал өзі оның тоқалы екенін әзілдеп, ашумен жеткізген болатын.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Д. Ибраева