Танымал әнші, Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында жас кезіндегі суреттерін бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі жүктеген суреттерінің авторы туралы тіл қатты.
"Бұл суреттер мықты фотограф марқұм Рахымбай ағаның жары Априза апайдан келді, өзім де алғаш көріп отырмын, негізі Рахымбай аға барлық біздің атақты ақын-жазушылар, өнер адамдарын көп түсіргенін көретінмін, өте еңбекқор жан еді, бәрін тегін түсіретін, қарапайым жан еді, Априза апайға телеарналар, журналистер хабарласып, сол архивтерін жарыққа шығарса жақсы болар еді, осындай жас кезімізден қуантқаныңыз үшін үлкен рақмет!" - деп жазған әнші.
Тағы да оқи отырыңыздар: Алматы мен Астанада пәтер бағасы қанша тұрады?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!