- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Өзгерістен қорықпаңыз! Қалай...
Өзгерістен қорықпаңыз! Қалай батыл болуға болады?
Қорқыныш пен батылсыздық - ағзаның қалыпты реакциясы. Себебі бұл сезімдерсіз адамзатқа қауіп төнер еді. Бірақ өмір бойы батылсыз болып жүруге де болмайды. Жылдам шешім қабылдай алмау психологиялық проблемаларға, мүмкіндіктерден айырылып қалуға және деградацияға ұшырауға әкелуі мүмкін. Қалай батыл болуға және өмірді жақсы жағына өзгертуге болады?
Мінсіз нәтижеге жетуге тырыспаңыз
Кей адамдар жұмысын мінсіз етпейінше, қандай да бір әрекетін кейінге қалдыра береді. Бірақ кейде біз кемелдікке ұмтыламыз деп уақыт жоғалтамыз және өз дамуымызды тежейміз.
Маңызды нәрсеге назар аударып үйреніңіз
Батылдық - адамға маңызды шешімдерді жылдам қабылдауға мүмкіндік беретін қабілет. Егер бұл қабілетті дамытқыңыз келсе, басыңызды артық ойлардан босатып, маңызды тапсырмаларға назар аударып үйренуіңіз керек.
Қорқыныштарыңызбен күресіңіз
Ол үшін фобияларыңыздың тізімін жасаңыз және олардың әрқайсысына қарсы тұруға тырысыңыз. Мысалы, ұсақ жәндіктерден қорқатын болсаңыз, олар жайлы мағлұмат оқыңыз немесе мұражайдан барып көріңіз.
Ортаңызды кеңейтіңіз
Жаңа таныстармен сөйлесуге ашық адамдар батылырақ болып келеді. Жаңа таныстармен араласу шынымен де сізді батылырақ етуі мүмкін. Әсіресе, табысты, саяхатты жақсы көретін немесе білімқұмар адамдар ортасына түссеңіз, олар сізге үлгі бола алады.
"Жоқ" деген жауапты қабылдап үйреніңіз
Батыл адамдар ойлағанының болмай қалуынан қорықпайды. Олар оның өтініші біреуге ыңғайсыз болуы мүмкін екенін түсінеді, бірақ өз бағын сынап көруден қорықпайды. Сондықтан батылырақ болу үшін өз қажеттіліктеріңіз жайлы айтып үйреніп қана қоймай, "жоқ" деген жауапты естуге де дайын болу керек. Басқа адам бас тартса, сіз тұлға ретінде нашарлай түспейсіз. Адамдар әртүрлі және олардың қызығушылықтары да әртүрлі болуы мүмкін екенін есте сақтаңыз.
Өзіңізді мақтаңыз
Мақтау - батыл болуға көмектесетін мотивацияның бір әдісі. Мақтау ұзақмерзімді артықшылықтар береді. Өз жетістіктеріңізді ескеріп отырсаңыз, өзін-өзі бағалауыңыз артады, сол үшін де өзіңізге күмәнданбайсыз.
Өзгерісті жақсы көріңіз
Біздің өмірімізде күнде қандай да бір өзгерістер болып тұрады. Олардың ұсақ-түйек түрлеріне мән бермеуіңіз мүмкін. Ал үлкен өзгерістер өміріңізге айтарлықтай әсер етеді. Бұл жағдайда сергек болып қалудың және батыл болудың жалғыз әдісі - өзгерістерге бейімделіп үйрену.
Ол үшін өміріңізге саналы түрде жаңа нәрселерді енгізіңіз. Сол кезде бір жағдайдан екіншісіне өтіп үйрене бастайсыз.
Білім алуды тоқтатпаңыз
Табысқа жетудің бір талабы - үздіксіз әрі сапалы білім алу. Сондықтан батыл болғыңыз келсе және өз-өзіңізге сенімді бола түскіңіз келсе, білім алуды жаңа әдетіңізге айналдырыңыз.
Тек өз жұмысыңыздың саласына қатысты жаңа нәрселер білу міндетте емес. Өзіңізге бұрын таныс емес тақырыпты зерттеу арқылы ой-өрісіңізді дамытасыз және өміріңізді жаңа әсерлермен толтырасыз.
Өзін бағаламайтын адамның 4 белгісі
А. Жапатова