- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Өзгенің көліктерін сатып,...
Өзгенің көліктерін сатып, құмар ойынға салып жіберген алаяқтар сотталды
Фото:
depositphotos.com
Шығыс Қазақстан облысының екі тұрғыны Алматыға барып, онлайн ойынханада ұтылып қалған. Олар әрі қарай ойнау үшін өзгелердің көлігін сата бастаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Екі ер адам алматылықтардың көліктерін тіркеуге көмектесеміз деп алдап алып кеткен. Кейін оны сатып, одан түскен ақшаны құмар ойынға салған.
Олар екі көлік иесіне жалпы сомасы 15 миллион теңгеге жуық материалдық шығын келтірген. Сот оларды қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танып, бес жыл мерзімге бас бостандығынан айырды.
Сотталғандар жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығынды жартылай өтеген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан