Бразилиялық боксшы Эскива Фалькао (30-0, 20 КО) қазақстандық Жәнібек Әлімханұлын (12-0, 8 КО) қайтадан жекпе-жекке шақырды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
2012 жылғы Олимпиаданың жүлдегері Жәнібекті WBO чемпионы атана салысымен айқасқа шақырған болатын. Әлімханұлы оған бірден жауап берді. Бірақ бразилиялық нокаутшы қояр емес. Әлімханұлы өзін айқасқа шақырған нокаутшыға күттірмей жауап берді.
"Маған осы мүмкіндік бер, чемпион, өзгелер сияқты болма. Мен сенен мықты екенімді білесің, қане, чемпион", - деп жазды Фалькао.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!