Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай Sport+ Qazaqstan youtube-арнасына берген сұхбатында жеке өмірі туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, өз адамын әлі жолықтырмаған.
"Жүрегім бос, өз адамымды әлі кездестірмедім. Жақсы жігіттер көп, бірақ арамызда химия болатындай адамды жолықтырмадым. Әлеуметтік желіде танысқысы келетіндер көп. Ең бірінші мені сыйлайтын адам болуы керек. Бәрі уақытымен болады. Қай уақытта пешенеңе жазылса, сол уақытта күйеуге шығасың. Қазір ол жағын ойлап жатқан жоқпын. Демалып жатырмын. Жалпы таныстыққа ашықпын", - деді ол.
Назым Қызайбай өзге ұлт өкіліне шығу туралы ойын білдірді.
"Бірде анама "өзге ұлт өкіліне күйеуге шығамын" деген едім. "Қазақ табылмады ма" деп қарсы болды. Намыстары оянып кетті ме, білмеймін. Жақсы көретін адам болса, кімге көңілің түсетінін білмейсің ғой. "Қазаққа ғана шығамын" немесе "қазаққа шықпаймын" деген нәрсе жоқ. Бұйырғаны болады", - деді ол.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!