Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов 14 жастағы қыздың зорлануына қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство басшысы Төле би аудандық полиция бөлімінде осы іс бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
"Полиция департаментінің бастығы ретінде зорлық-зомбылық дерегі бойынша істің барысын түсіндіргім келеді. Егер қылмыс жасалса, заң шеңберінде процестерді жүргізу, нақты шешімдер қабылдау және барлық жағдайды анықтау қажет. Заңды шешімдер кезең-кезеңімен қабылданады", - деді Қабденов.
Ресми мәліметтер бойынша, бұл жағдай Қылмыстық кодекстің 120-бабы бойынша тіркелген. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында қылмыс жасады деген күдікпен бірнеше адамнан жауап алынды.
"Күдікті ретінде танылған адам қамауға алынды. Осы дерек бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды", - деді Түркістан облысы ПД басшысы.
Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында оқушы топтық зорлаудың құрбаны болғаны хабарланған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!