"Өзенмұнайгаздағы" тексеріс кезінде құқық бұзудың 160 фактісі анықталды, оның ішінде 101 факті бойынша жауапты тұлғалар жазаланады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"ҚазМұнайГаз" арнайы жұмыс тобы Жаңаөзенде тексеріс жүргізуді жалғастырып жатыр. Қазіргі уақытта 55 шаруашылық қызмет нысаны, соның ішінде "Өзенмұнайгаз" АҚ 17 өндірістік құрылымдық бөлімшесі, 8 мұнай сервис ұйымы мен 30 басқа да мердігер ұйымның қызметі талданды.
"Өзенмұнайгаз"-дың қаржы-шаруашылық қызметін тексеру кезінде алдын ала 160 бұзушылық пен сәйкессіздік анықталды, оның ішінде:
Келтірілген шығын сомасы процессуалды және регламенттеуші іс-шаралардың қорытындысы кезінде белгілі болады.
"Біз құқық қорғау органдарымен тығыз жұмыс істеп, заңға қайшы анықталған әрекеттер жайлы дер кезінде хабарлап отырмыз. Бұдан әрі олар тергеу жүргізіп, өзге іс-шараларды қолға алады. Солардың біріне кеше Экономикалық тергеу департаментінің "Өзенмұнайгаз" бас директорының орынбасарын ұстау фактісі де жатады. Комиссияның жұмысы әлі аяқталмады, көптеген факт бойынша қызметтік тергеулер жүріп жатыр", - деді арнайы жұмыс тобының жетекшісі, "ҚазМұнайГаз" басқарма төрағасының орынбасары Дәулетжан Хасанов.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!