“Өзенмұнайгаз“ бөлген 321 миллион теңге жымқырылды: “Кезби“ директоры ұсталды

“Өзенмұнайгаз“ бөлген 321 миллион теңге жымқырылды: “Кезби“ директоры ұсталды
Фото: "Кезби" ЖСШ

ҚМА "Кезби" компаниясының қаражатты жымқыру және салық төлемеу дерегі бойынша соталды тергеп-тексеру тіркелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ҚМА Маңғыстау облысы бойынша департаменті "Кезби" ЖШС атқарушы директоры Ербол Кезбаевқа қатысты ҚК 190-бабының 4-бөлігі 2-тармағы (аса ірі мөлшердегі алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғады.

Ол компания қызметкерлеріне жалақы төлеу үшін "Өзенмұнайгаз" АҚ бөлген 321 млн теңгені жымқырып, сондай-ақ 1,5 млрд теңгеге жуық сомаға салық төлеуден жалтарды деген күдікке ілінді.

2021 жылы "Кезби" ЖШС "Өзенмұнайгаз" АҚ-мен бригада үшін сағатына 65 мың теңге бағада қызмет көрсетуге шарт жасаған.

Кейіннен еңбекақы мен медициналық жәрдемақылардың өсуін қоса алғанда жұмысшылар үшін әлеуметтік пакетті жақсарту мақсатында қызмет бағасы бригада үшін сағатына 87 мың теңгеге дейін ұлғайтылды.

Алайда қаражаттың едәуір бөлігін, атап айтқанда, 321 млн теңгені компания басшысы қызметкерлер үшін әлеуметтік жағдайларды жұмсамай, жымқырған.

2024 жылдың 3 қарашасында күдікті Е.Кезбаев ұсталды.
 
Қазіргі уақытта жасалған қылмыстың барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

ҚР ҚПК 201-бабы тәртібі бойынша өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек