Өзен арнасынан асып кетті: Алматы облысында тұрғындар эвакуацияланды

Өзен арнасынан асып кетті: Алматы облысында тұрғындар эвакуацияланды
Фото: Видео кадры

Алматы облысында құтқарушылар 58 адамды эвакуациялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ТЖМ мәліметінше, нөсер салдарынан Түрген өзенінде су деңгейі күрт көтеріліп, Түрген - Асы тасжолының кейбір учаскелерін су шайып кеткен.

Су басқан аймақта 17 киіз үй орналасқан. Сонымен қатар, "Водник" бау-бақша серіктестігіндегі төрт ауланы су басты.

ТЖМ құтқарушылары қауіпсіздік мақсатында  58 адамды, соның ішінде 21 баланы және 8 шетел азаматын эвакуациялады. Эвакуацияланған азаматтар үшін ТЖМ-ның вахталық көлігі ұйымдастырылды. Зардап шеккендер жоқ.

Төтенше жағдайдың салдарын жою жұмыстарына ТЖМ, жергілікті атқарушы органдар және өзара іс-қимыл жасайтын қызметтердің 300-ге жуық жеке құрамы, 44 техникасы жұмылдырылған.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget