ҚМА Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Самар ауданы аумағындағы "Кенқарын" учаскесінде жер қойнауын өз бетінше пайдалану және бағалы металдарды заңсыз өндіру дерегін әшкереледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Күдіктілер екі жыл бойы тиісті лицензиясыз заңсыз алтын өндіріп, Құлынжон өзенінің арнасын өз бетінше өзгерткен.
"Заңсыз әрекет салдарынан табиғатқа келтірілген залал көлемі 82 млн теңгеден асты. Тексеріс барысында ауыр арнайы техника (жүктиегіш, самосвал, экскаватор) және өнеркәсіп жабдығы тәркіленді", - деді ҚМА өкілі.
Ұйымдастырушы 2 айға қамауға алынды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова