Түркістан облысында заңсыз әрекеттер жасаған сотталушылар жазаланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қылмыстық-атқару жүйесінің №55 мекемесінде ауыр және аса ауыр қылмыстары үшін жазасын өтеп жатқан алты сотталушы алдын ала сөз байласу арқылы мекеме әкімшілігінен заңмен тыйым салынған нәрселерді, яғни түнде теледидар көру, серуендеуге шығу, өз бетінше тамақ дайындау, белгіленген киім үлгісін кимеу және өзге де жеңілдіктерді беруді талап еткен.
Мәліметке сүйенсек, олар заңсыз әрекетті ұйымдастыру мақсатында өздеріне жарақаттар салған.
"Сот сотталушылардың әрқайсына 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын және оны бұрынғыдан да қатаң жағдайда өтеу туралы үкім шығарды", - деп жазылған хабарламада.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова