Өзбекстаннан әкелінген шабдалы жеуге жарамсыз болып шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясының инспекторлары Өзбекстаннан әкелінген шабдалы партиясынан зиянкес, яғни шығыс жеміс жемірін (Grapholita molesta Busck) анықтады.
Орталық кедендік рәсімдеу пунктінде фитосанитарлық бақылау жүргізу кезінде салмағы 2,58 тонна жаңа піскен шабдалы партиясы тексерілді. Жемістер Өзбекстан Республикасы Ташкент облысының Янгиюль ауданынан жеткізілген.
"Жемістер іріктеліп, Ақтөбедегі карантин зертханасына жіберілді. Сараптама шабдалыларда шығыс жеміс жемірі барын растады. Оның таралуына жол бермеу мақсатында залалданған өнімдерді оқшаулау және жою шаралары дер кезінде жүргізілді", – деп жазылған хабарламада.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!