Өзбекстанмен шекарадағы бірқатар өткізу бекеті тәулік бойы жұмыс істейді

Өзбекстанмен шекарадағы бірқатар өткізу бекеті тәулік бойы жұмыс істейтін режимге көшеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мәжіліс 2006 жылғы 4 қыркүйектегі келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялады. Құжатқа 2024 жылы 8 тамызда Астанада қол қойылған.

Хаттамада Сырдария - Малик және Целинный – Ок олтин өткізу бекеттерінің мәртебесі мен жұмыс режимін екіжақты мәртебеден халықаралық (көпжақты) мәртебеге ауыстыру, сондай-ақ, жұмыс режимін күндізгі уақыттан тәулік бойғы режимге өзгерту көзделген.

"Бұл өзгерістер өткізу бекеттерінің өткізу қабілетін арттыруға, жүк және жолаушылар ағынын жеделдетуге, сондай-ақ, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы транзит-көлік әлеуетін дамытуға бағытталған", - деп жазылған хабарламада.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!