Dili.me лақап атымен танымал вайнер Дильшод Оразбаев жездесін ұрғаны үшін ұсталды. Ол тергеуге келмеген, сол себепті оған іздеу жарияланған. Құқық қорғау органдары оны 10 наурызда ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі gazeta.uz-ге сілтеме жасап.
Өзбекстан бас прокуратурасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 23 жастағы вайнерге және оның жолдастарына қатысты ер адамды ұрды деген күдік бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ведомствоның мәліметінше, Дильшод Оразбаев (Instagram-да 3,2 миллион жазылушысы бар) және оның жолдастары П. А. дейтін азаматты ұрып-соғып, дене жарақатын салды деген айып тағылған.
Осыған байланысты Ташкенттің Яшнабад ауданының прокуратурасы Өзбекстан Қылмыстық кодексінің 277-бабы "Бұзақылық" бойынша қылмыстық іс қозғады.
Бірнеше рет шақырылғанына қарамастан, күдікті тергеуге келуден жалтарып, оған іздеу жарияланған. Вайнер 10 наурызда ұсталды. Өзбекстан бас прокуратурасының баспасөз қызметі мәліметінше, зардап шеккен Оразбаевтың жездесі, кіші әпкесінің күйеуі болған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!