25 қыркүйекте таңертең Өзбекстанның энергия жүйесіндегі ақау салдарынан Қазақстанның бір бөлігі жарықсыз қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
KEGOC мәліметінше, сағат 05:02 шамасында Өзбекстанның энергия жүйесінде қуаты 1516 мегаватт болатын генерация ажырауына байланысты Орталық Азияның энергия жүйесі тарапынан қуат күрт ауысқан.
Салдарынан "Солтүстік - Оңтүстік" транзиті бөлініп, Қазақстандағы тұтынушыларды шектеу көлемі 962 мегаватт болған. Апатқа қарсы автоматика штаттық режимде жұмыс істеген.
Сағат 05:43-те жағдай қалпына келтірілген, тұтынушыларға қойылған шектеулерді алу туралы пәрмен берілген.
Еске салайық, 14 тамызда да бірқатар өңір жарықсыз қалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова