Өзбекстан президенті әкімшілігі жанындағы Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігі елде бұрын бұғатталған әлеуметтік желілердің жұмысы қалпына келтірілгенін жариялады, - деп хабарлайды Nuz.uz.
Атап айтқанда, бұдан былай Өзбекстанда Twitter, WeChat және "ВКонтакте" әлеуметтік желілерін еркін пайдалануға болады.
TikTok платформасындағы шектеулер әлі де бар, бірақ хабарламада бұл платформамен келіссөз әлі аяқталмағаны айтылған. Нәтижелері белгілі болғаннан кейін олар қосымша хабарланады.
2021 жылы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев тиктокшыларды Әлішер Науаи, Әмір Темір ескерткіштеріндегі орынсыз әрекеттері үшін сынға алған болатын. Ол мұндай заңбұзушылықтар үшін жауапкершілік күшейтілетінін айтып, ата-аналар мен уәкілетті құрылымдарды әрекетсіздігі үшін айыптаған.
"Біздің қоғамда жастарымызға мүлдем сәйкес келмейтін және бәрімізді масқара ететін мұндай келеңсіз көріністерге орын болмауы керек", - деген еді Мирзиёев.