Өзбекстанда төрт аяғы бар сәби дүниеге келді

Өзбекстанда төрт аяғы бар сәби дүниеге келді
Фото: daryo.uz

Өзбекстанның Сұрхандария облысында сирек кездесетін даму ерекшелігі бар сәби дүниеге келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24KZ телеарнасына сілтеме жасап.

Ұл бала 28 сәуірде Шерабат ауданында туған. Келесі күні ол Самарқанд облыстық балалар көпсалалы медициналық орталығына жеткізілген.

Дәрігерлер нәрестеде бірнеше туа біткен ақау бар екенін, сондай-ақ, бітісіп туған егіз синдромын анықтаған. Соның салдарынан сәбиде қосымша төменгі дене бөлігі мен төрт аяқ болған.

"Мамандар екі күрделі ота жасап, артық аяқты алып тастаған. Дәрігерлердің айтуынша, олардың екеуі толық дамымаған. Қазір баланың жағдайы тұрақты. Алдағы уақытта оған тағы бірнеше ота жасалуы мүмкін", - деп жазылған деректе.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget