Өзбекстанда халық тегін киімге таласып, кептеліп қалды

Ташкентте халық тегін пальто тарату кезінде халық кептеліп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі uznews.uz сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде Өзбекстан астанасында түсірілген видео тарады. Онда жиналған жұрт төбелесіп, дүкеннің сыртында төбелесіп, есіктерді жыртып тастайды.

4 қаңтар күні Юнусабад ауданында орналасқан киім-кешек дүкенінің иелері әлеуметтік желіде ерлерге арналған 300 қысқы пальтоны тегін таратып жатқанын жария еткен. Жергілікті құқық қорғау органдары осыдан кейін дүкеннің алдына көп адам жиналып, тәртіпсіздік басталғанын хабарлады.

Дүкен иесіне Өзбекстанның Әкімшілік кодексінің 200-1-бабы "Бұқаралық іс-шараларды өткізу ережелерін бұзу" бойынша айыппұл салынды. Айыппұл сомасы - 5,1 миллион өзбек сомы (шамамен 187 мың теңге). Сондай-ақ дүкеннің тоғыз қызметкеріне айыппұл салынды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!