6 шілдеде Өзбекстанның Әндіжан қаласындағы № 2 перзентханада бесем дүниеге келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, кеше Әндіжан қаласының тұрғыны перзентханаға жатқызылып, оған кесір тілігі отасы жасалған.
Ота білікті акушер-гинеколог, неонатолог және реаниматологтардың бақылауымен сәтті өткен.
"Сәбилердің үшеуі - қыз, екеуі - ұл. Олар Ана мен бала денсаулығын қорғау республикалық мамандандырылған ғылыми-практикалық медицина орталығының Әндіжан облыстық филиалына ауыстырылды. Қазір ана мен сәбилердің жағдайы жақсы, білікті медицина қызметкерлерінің бақылауында", - деп жазылған ведомство мәліметінде.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова