- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Өзбекстан президенті Қаринді,...
Өзбекстан президенті Қаринді, Балаеваны және Желдібайды орденмен наградтады
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев бірнеше қазақстандықты наградтау туралы жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Дустлик" ("Достық") орденімен:
- мемлекеттік кеңесші Қарин Ерлан Тынымбайұлы;
- президенттің ішкі саясат және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі Желдібай Руслан Сұлтанұлы;
- вице-премьер Жұманғарин Серік Мақашұлы;
- мәдениет және ақпарат министрі Балаева Аида Ғалымқызы;
- Қазақстанның Өзбекстандағы төтенше және өкілетті елшісі Атамқұлов Бейбіт Бәкірұлы;
- ҚР Өзбектер этномәдени бірлестіктері қауымдастығының төрағасы Хашимжанов Икрам Акрамұлы наградталды.
Жарлықта оларға награда Өзбекстан Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы өзара сыйластық, сенім, тату көршілік және стратегиялық әріптестік қатынастарын жаңа деңгейге шығаруға, саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты практикалық мазмұнмен және маңызды бастамалармен толықтыруға, басым бағыттардағы байланыстарды кеңейтуге және жан-жақты дамытуға қосқан жеке үлесі үшін, бірлескен жобаларды белсенді ілгерілету, сондай-ақ біздің елдер халықтарының ғасырлар бойғы достығын одан әрі нығайту жолындағы ерекше еңбегі үшін берілгені айтылған.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан