2018-2019 оқу жылында Өзбекстанда оқушыларды колледжге қабылдау тәртібі өзгереді. Бұдан былай оқушылар аталған оқу орнына тек 11-сыныптан кейін тапсырады. Академиялық лицей мен колледжге тапсыру ережелері президенттің тапсырмасымен өзгеріп отыр. Аталған тәртіп Өзбекстан оқу орындарына 2019-2020 жылы енгізіледі. Ал оқу мерзімі алты айдан басталып, екі жылға дейін созылады. 2017-2018 жылы колледж бен лицейге тапсырып үлгерген оқушылар қазіргі ережелерге сай оқуларын аяқтайды. Мұнымен қатар, 2018-2019 жылдары мемлекетте 11 жылға созылатын міндетті орта білім жүйесі енгізілмек. Дәл қазір аталған мемлекетте 1 500 арнайы орта білім мекемелері, жоғарғы білім беруге бағытталған 1 411 кәсіби колледж және 144 академиялық лицей бар. Baq.kz