Өзбекстан парламентінің заң шығару (төменгі) палатасы дүйсенбідегі отырысында ел конституциясындағы Қарақалпақстан Республикасының егемендігі туралы баптар сақталуын жақтап дауыс берді, - деп хабарлайды РИА Новости.
1 шілдеде Қарақалпақстан астанасы Нүкіс қаласында Өзбекстан конституциясына енгізілетін өзгерістерге байланысты заңсыз шеру өткен. Түзетулер жобасына сәйкес, "Қарақалпақстан Республикасы Өзбекстан Республикасының құрамына кіреді. Қарақалпақстан Республикасы аумағында Өзбекстан Республикасының конституциясы мен заңнамасында көзделген барлық құқық пен еркіндікке кепілдік беріледі". 2 шілдеде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Нүкіс қаласына сапары барысында елдің қолданыстағы конституциясында Қарақалпақстанның егемендігі туралы, сондай-ақ республиканың Өзбекстаннан бөлініп шығу құқығы туралы баптарды сақтап қалуды ұсынған.
Онлайн дауыс беру деректеріне сәйкес, Парламент депутаттары Өзбекстан конституциясының 70, 71, 72, 73, 74, 75-баптарын қазіргі редакцияда сақтауға бірауыздан дауыс берді.
Бұған дейін Мирзиеев 1 шілдеде елде болған тәртіпсіздіктердің мән-жайын айтқан еді.