- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Өзбекстан азаматынан киіктердің...
Өзбекстан азаматынан киіктердің мүйіздері табылды
Маңғыстау облысында Өзбекстан азаматынан киік тұқымдас жануардың мүйіздері табылды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі өңірдің Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, 23 қыркүйекте сағат 15:30 шамасында Бейнеу аудандағы кеден бекеттері бірінің маңында Өзбекстан Республикасының 44 жастағы азаматы ұсталды.
Тінту жұмыстарын жүргізу барысында күдіктіден 64 дана киік тұқымдас жануардың мүйіздері тәркіленді.
"Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу дерегі бойынша соталды тергеп-тексеру басталды", – деп жазылған хабарламада.
Сараптама тағайындалды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова