- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Өзбекстан азаматы Шымкент...
Өзбекстан азаматы Шымкент тұрғынын интим сипаттағы суреттері үшін бопсалап жүрген
Өзбекстан азаматы Шымкент тұрғынын интим сипаттағы суреттері үшін бопсалап жүрген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жергілікті тұрғын полицияға ер адам ақша бопсалап жүргенін айтып шағымданған. Арыз берушінің сөзінше, ол әлеуметтік желіде бір адаммен танысқан. Бір-екі ай хат алмасқаннан кейін ер адам қыздың жеке деректері мен суреттеріне, соның ішінде интим сипаттағы суреттеріне қол жеткізіпті.
Ал кейін ер адам қыздың суреттерін жақындарына таратамын деп қорқытып, ақша талап ете бастаған.
Жедел іс-шаралар нәтижесінде бопсалаушы Атырауда ұсталды. Ол Өзбекстанның 34 жастағы азаматы болып шықты. Полицейлер Қылмыстық кодекстің 194-бабы бойынша тергеу жүргізіп жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова