Өзбекстан аумағынан ауа массасы ығысады: қай өңірлерде қатты ыстық болады?

Өзбекстан аумағынан ауа массасы ығысады: қай өңірлерде қатты ыстық болады?
Фото: depositphotos.com

Қазгидромет 23, 24, 25 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Аптап ыстықтан кейін еліміздің солтүстік өңірлерінде аздап күн суытады. Қазақстан аумағына циклон ығысып, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні күшейіп, шаңды дауыл соғады.

Осыдан кейін солтүстік және орталық өңірлерде ауа температурасы қолайлы, яғни +23...+28 градус шамасында болады.

Дегенмен Қазақстанның оңтүстік және шығыс аймақтарына Өзбекстан аумағынан ауа массасы ығысады. Соның әсерінен бұл өңірлерде ауа температурасы +33...+38 градусқа дейін, ал кейбір аудандарда +40 градусқа дейін жетеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget