Өзбекстан аумағына бес реактив снаряд құлады

Өзбекстан аумағына бес реактив снаряд құлады
Фото: © podrobno.uz

Сейсенбі, 5 шілдеде Өзбекстанның шекаралас аумағына Ауғанстан аумағынан бес реактив снаряд құлады. Бұл туралы Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz.

"2022 жылдың 5 шілдесінде сағат 16.20 шамасында Өзбекстанның шекаралас аумағында Ауғанстан аумағынан бес реактив снаряд ұшып құлағаны байқалды. Снарядтар құлаған кезде жарылыстар болмағанын, соның салдарынан адам шығыны мен ғимараттарға зиян келмегенін атап өту қажет. Термез қаласының "Мажнунтол" махалласындағы төрт жеке үйге аздаған зиян келтірілді, бесінші снаряд футбол алаңында табылды. Табылған снарядтарды саперлер бөлімшесі залалсыздандырды", - делінген хабарламада. 

Өзбекстандық БАҚ-тар реактив снаряд құлаған жерлерден фото және видеоларды жариялай бастады. 

С. Сатыбалдина